Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronovirus2020.kz Telegram каналы.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 6
- Алматы қаласы - 9
- Ақтөбе облысы - 1
- Алматы облысы - 3
- Шығыс Қазақстан облысы - 4
- Қарағанды облысы - 3
- Қостанай облысы - 2
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 2.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 1 305 114-ке жетіп отыр.
Сонымен қатар 564 адам коронавирустан жазылып шықты.
30 наурыздағы мәлімет бойынша 3 146 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 355 пациент стационарда, 2 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы, 31 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 29 наурыздағы дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам тіркелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962686-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/