Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бүгін колледждің бірінші ауысымындағы студенттері онлайн оқиды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дауылға байланысты бүгін, 30 наурызда елордадағы колледждердің бірінші ауысымындағы студенттері үшін сабақ онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына сілтеме жасаған iKomek қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

"30 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала колледждерінің бірінші ауысымындағы студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Сонымен қатар астанада қала маңына қатынайтын барлық жолаушылар автобусының қозғалысы тоқтатылғаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 29 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты жабылған елорда әуежайының жұмысы қайта жанданды. Әуежай түн ортасынан бері ұшақтарды қабылдап жатыр.

Одан бөлек қатты жел салдарынан астанадағы "Қазмедиа орталығында" да апат болды.

Белгілі болғандай, алдын ала деректер бойынша, қатты желдің салдарынан "Қазмедиа орталығы" ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиіп, өрт шыққан.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жол жабылғанын мәлімдеді.

Азаматтар төтенше жағдайлар туралы ТЖМ жедел желісіне хабарласа алады. Байланыс телефоны: 8 (7172) 53 32 84.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962690-elordada-dauylga-bailanysty-bugin-kolledzdin-birinsi-auysymdagy-studentteri-onlain-oqidy/

pixel