Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 64 рейс кешігіп, тағы 16 рейс кейінге қалдырылды

Опубликовано:

әуежай қыс12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтандағы қолайсыз ауа райына байланысты ондаған рейс кешігіп, тағы 16 рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рейстердің статусы жайлы маңызды ақпарат Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ресми сайтындағы онлайн таблода көрсетілген.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, рейстердің көпшілігі кешігіп жатыр немесе кейінге қалдырылған.

Елордада рейстер кешіктірілуде
Скриншот: nn-airport.kz

Рейстердің кешігіп жатқаны жайлы ақпаратты әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов растап отыр.

"Қазіргі сәтте әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бірақ кешігіп жатқан рейстер бар. Қазір ұшып келуге тиіс 36 рейс пен ұшып шығуға тиіс 28 рейс кешігіп жатыр. 16 рейс кейінге қалдырылды. Бұған себеп - меторологиялық жағдай мен әуе кемесінің кеш келуі", - дейді Әнуар Шалекенов.

Осы ретте, ол жолаушыларға әуежайдың анықтама қызметтерінен немесе әуе компанияларынан рейстер туралы ақпаратты нақтылауға кеңес берді.

"Кешелі бері әуежайды, соның ішінде ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол көктайғақ болғандықтан жолаушыларға сақ болуды өтінеміз", - дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, 29 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты жабылған елорда әуежайының жұмысы қайта жанданды. Әуежай түн ортасынан бері ұшақтарды қабылдап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962734-nur-sultanda-64-reis-kesigip-tagy-16-reis-keiinge-qaldyryldy/

pixel