Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов қай облыстарға барған мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсетінін айтты

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында төрт облыста мұғалім тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің сөзінше, қазір Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында мұғалім тапшылығы қатты сезіледі.

Ал кадр жетіспеушілігін шешу үшін министрлік арнайы бағдарлама қабылдап жатыр екен. Оған тиісті қаржы бөлінуде.

Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалім тапшылығы бар өңірлерге барған мамандардың жалақысы екі есе көп болады.

"Бірақ оларға КРІ ретінде көрсеткіштер қойылады. Екіншіден, оларға жұмыс істеген уақытта баспана беріледі, үйдің коммуналдық шығындарын мемлекет өтейді. Осылайша ең үлкен тапшылық бар өңірлердегі мәселені шешіп жатырмыз", - дейді Білім және ғылым министрі.

Бұл ретте Асхат Аймағамбетов қаражат республкалық трансферттер есебінен бағытталатынын айта кетті.

"Яғни, бұл мақсатты трансферттер. Ақша жергілікті бюджетке жіберіледі. Кейін ол арнайы конкурстан өтіп, өңірге сабақ беруге келген мұғалімдерге төленеді", - деп түсіндірді министр.

Аймағамбетовтің сөзінше, мұғалімдер тапшылығына оқушылар санының өсуі себеп болып отыр.

"Он жыл ішінде мектепте оқитын балалар саны бір миллионға жуық артты. Ол дегеніміз мұғалімдер саны да өсіп жатыр дегенді білдіреді. Енді 2025 жылға дейін бізге тағы 100 мың мұғалім қажет болады. Бізге жаңа мектептер қажет, ал жаңа мектептерге жаңа мұғалімдер керек. Бір мектеп ашылғанда орташа есеппен 150-200 мұғалім қажет болады. Соған байланысты осындай мәселе туындап жатыр", - дейді ол.

Министр кадр тапшылығы мәселесі бұған дейін де болғанын атап өтті. Қазір министрлік проблеманы жүйелі түрде шешуге кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962771-asxat-aimagambetov-qai-oblystarga-bargan-mugalimderdin-zalaqysy-2-ese-osetinin-aitty/

pixel