"Отбасы банк" депозиттерді сату және сатып алуға өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты
Опубликовано:

"Отбасы банк" техникалық жұмыстарға байланысты депозиттерді сату және сатып алуға жаңа өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Өтінімді тек 8 сәуірден бастап беруге болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Отбасы банктің" ресми сайтына сілтеме жасап.
"2022 жылғы 31 наурыз мен 8 cәуір аралығында техникалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
2022 жылғы 31 наурызға дейін сатуға шығарылған депозиттер талаптары өзгертілмей, 2022 жылғы 8 сәуірге дейін 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады", — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев министрлер ңабинетінің отырысында Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсу ықтималдылығы туралы баяндаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962793-otbasy-bank-depozitterdi-satu-zane-satyp-aluga-otinimderdi-qabyldaudy-uaqytsa-toqtatty/