Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушыларының каникул мерзімі қысқара ма: Аймағамбетов жауап берді

Опубликовано:

Каникулды қысқартуға қатысты министр жауап берді
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының каникул мерзімін қысқарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асхат Аймағамбетов аталған мәселе бір сәтте шешіле салмайтынын айтты. Оның сөзінше, алдымен білім беру тиімділігі назарға алынуы керек.

"Бұл тұрғыда жақсы және теріс тұстары да бар. Осы орайда наразылық білдіргендердің де уәжін түсініп отырмыз. Сондықтан бұл мәселеде үнемі ғылыми қадамдарға сүйену керек.

Тек министрліктің немесе білім беру басқармасының, мұғалімнің немесе ата-ананың көзқарасына ғана қарауға болмайды. Егер баланың өзіне, болашағы мен тиімділігіне қарайтын болсақ, бұл ретте басқа да қадамдарды зерделеу қажет", — деді министр.

Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта мәселе ғылыми, психология, әдіснама тұрғысынан назарға алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл мәселені әріптестермен егжей-тегжейлі талқылап, нәтижесін көпшілікке жариялаймыз. Шешімді кабинеттің ішінде отырып қабылдай салу ойымызда жоқ", — деп қорытындылады министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962803-aimagambetov-mektep-oqusylarynyn-kanikul-merzimin-qysqartu-maselesine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel