Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі 747 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Шымкентте басқа лауазымды тұлғалармен бірге 747 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қызмет өз Telegram арнасында жазды.

Ведомство Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Олар 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын (747 млн теңге) жымқырды деген күдікке ілінген.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды",- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болған еді. Кейінірек оның елорда сотының санкциясына сәйкес екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962818-qairat-satybaldyulynyn-buryngy-aieli-747-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel