Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар пойыз кешігіп жатыр
Опубликовано:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар кешігіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның дерегінше, 30 наурыз сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 12 жолаушылар пойызы уақытынан кешіккен.
Қазақстан темір жолы жылдамдыққа қандай да бір шектеу қойылмаса, пойыздар кесте бойынша діттеген жеріне жететінін хабарлады.
Айта кетейік, Astanovka98 Telegram-арнасында көпшіліктің талқысына түскен видео жарияланды. Кадрдан Нұр-Сұлтан вокзалының күту залындағы лық толып отырған адамдарды байқауға болады.
Ролик авторының сөзінше, пойыздар 2-3 сағат кешігіп келуде.
Қазақстан темір жолы пойыздардың уақыттан кешігуін ауа райымен байланыстырып отыр. Ауа райы тұрақталған соң жүру кестесі қалпына келеді, дейді компания өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962826-elimizde-aua-raiynyn-qolaisyzdygyna-bailanysty-birqatar-poiyz-kesigip-zatyr/