Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көршімен тату болу дәстүрі қайта жанданды

Опубликовано:

Мереке
Фото: аула тұрғындарының фотосы

Алматыдағы Бәсенов және 20-желі көшелеріндегі көпқабатты үйлердің тұрғындары Наурыз мейрамында тағы бір қуанышты жайтты – үй кіреберісіне жөндеу жүргізілгенін атап өтті. Бірнеше жылдан бері жөндеу көрмей, әбден ескірген көпқабатты үйлердің кіреберісі қорқынышты күйге түскен болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тозығы жетіп, тесілген бетондар, сынған баспалдақ қоршаулары, бояуы кеткен қабырғалар - үйлердің кіреберісіне жөндеу жүргізілмей тұрғандағы көрініс осындай еді. Соңғы рет көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберісі шамамен 6 жыл бұрын жөндеу көрген. ПИК (пәтер иеленушілерінің кооперативі) төрағасының айтуынша, содан кейін оларды жаңартуға қаражат тапшы болған.

Кіреберіс тұрғын жай болып есептелмесе де, тұрғындар үшін ол қара шаңырағының бір бөлшегі іспеттес. Сондықтан әркім айналасының жаңа әрі таза болғанын қалайтыны сөзсіз. Бүгінде кіреберістердің келбеті айтарлықтай өзгерген, тұрғындар көктемді қарсы алуға, Наурыз мейрамын тойлауға дайын.

Үйдің кіреберісі
Фото: аула тұрғындарының фотосы

Үйдің кіреберісі
Фото: аула тұрғындарының фотосы
"Жөндеуден кейін кіреберісіміз адам танымастай өзгерді. Мұндай сұлулыққа қалайша тамсанбаймыз, тұрғындар жөндеу жұмыстарына дән риза, себебі, біз оны көптен күттік, кіреберісіміз жайлы орынға айналды", - дейді Бәсенов көшесі 47-үйдің тұрғыны Людмила Гольченко.

12 кіреберісті күрделі жөндеуге бір айдан аса уақыт кеткен. Осы мерзім ішінде кіреберіс есіктері жаңартылды. Еден плиткалары ауыстырылып, төбелердің ескі сылағы жаңаланып, эмульсия жағылды. Сонымен қатар қабырғалар боялып, баспалдақ қоршаулары ауыстырылды және жаңа пошта жәшіктері, қозғалыс сенсорлары бар шамдар орнатылды. Жаңартылған кіреберістердің заманауи келбеті көпқабатты үйлер тұрғындарының көңілінен шықты.

Кіреберіс
Фото: аула тұрғындарының фотосы

Ал бұл жұмысқа қажетті қаржылай қолдау жасаған - жақын маңда отбысылық тұрғын үй кешенін салып жатқан RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясы. Көршімен тату болудың үздік үлгісін көрсеткен девелопер аталған мекенжайдағы бес қабатты үйлердің тұрғындарын осылайша қуантты.

"Ковчег" ПИК төрағасы Нұргелді Бесембаевтың айтуынша, бастапқыда ол құрылыс компаниясының бастамасына толық сенбеген, өйткені жөндеу жүргізуге өте көп инвестиция қажет болған, әрі жеке кәсіптің мұндайға ақша жұмсайтынына күмәнмен қараған. Бірақ жұмыс барысында күмән сейіле түсті. Нәтижесі көпті таң қалдырды - кіреберістер жарқырап шыға келді. Бүгінде тұрғындар үйге кіріп келгенде, көңілдері бір серпіліп қалатынын жасырмайды.

Кіреберіс
Фото: аула тұрғындарының фотосы
"Осылайша жөндеу жасап, жаңартып бергеніне ризамыз, тұрғындардың көңілінен шықты. Сондай-ақ олар бізге аулада мейрамды тойлауды ұйымдастыруға көмектесті, палау, тәттілерге тапсырыс берді. Бизнестің ескі үйлердің қамын ойлауға көшкенін құптаймыз. Өйткені біздің үйлердің негізгі тұрғындары – зейнеткерлер, балалы аналар. Біздің қолымыздан мұндай келмес еді", - дейді Нұргелді Бесембаев.

Енді бақытты тұрғындар қос мейрамды, яғни, кіреберістердің жаңаруы мен Наурызды қатар тойлауда. Ортақ жайылған дастарханға арнайы дәстүрлі Наурыз-көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар әзірленген.

Мереке
Фото: аула тұрғындарының фотосы

Көршімен тату болу әрі олармен жақсы қарым-қатынас жасау өмірдің маңызды бөлшегі саналады, ал осы ынтымақты сақтап қалу үлкен еңбекті талап етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962831-almatyda-korsimen-tatu-bolu-dasturi-qaita-zandandy/

pixel