Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Метеорологтар еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, 31 наурызда Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады. Облыстың шығысында, орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

Ал Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 31 наурыз – 01 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, дейді ауа райын болжаушылар.

"Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар", - деп ескертті синоптиктер.

Сонымен қатар, ертең, 31 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түседі деп күтіледі. Олардың қатарында Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысы, Жамбыл облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Мамандар Қостанай облысы, Ақмола облысы және Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болатынын да ескерті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962847-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel