Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полицейлер 78 қару жасырылған орынды тапты

Опубликовано:

арсенал
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер 78 атыс қаруы жасырылған орынды анықтады. Іс-шараны тәртіп сақшылары Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының көмегімен жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбековтің айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталып, қамауға алынған.

Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару орнын ұйымдастыру деректері анықталған.

Нәтижесінде екі “Калашников” автоматы (АКС), “Макаров” және “ТТ” жүйелерінің екі жауынгерлік тапаншасы, үш аңшы карабины, екі тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, үш травматикалық тапанша, сондай-ақ, 200-ден астам оқ-дәрі табылды.

Қолға түскендерден екі жауынгерлік және төрт жарық шулы граната, төрт пышақ, екі портативті радиостанция, әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша тәркіленді.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәркіленген арсенал сараптамаға жіберілді, оның қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі анықталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962878-almatyda-policeiler-78-qaru-zasyrylgan-oryndy-tapty/

pixel