Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі қағаз шығаратын кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкенттегі кеңсе қағазын шығаратын кәсіпорын шикізат тапшылығына байланысты жұмысшыларын уақытша демалысқа жіберді.

Хабар 24 мәліметінше, Финляндия мен Ресейден алыс-берістің тікелей жеткізілуінде қиындық пайда болған.

Қос мемлекеттің өндіру саласында белгілі бір шектеулер мен уақытша тасымал тоқтаған.

"Арадағы келісім-шарттың бұзылуын пайдаға асырғысы келетіндер шикізат бағасын қолдан екі есе қымбаттатып отыр", - дейді кәсіпорын өкілдері.

Олардың өндірістік қуаты қағаздың А4 форматын 3 миллион, А3 қағазын 300 мыңнан астам бумаға дейін шығаруға жетеді.

"Өндірушілер, СБК-лар әр кәсіпорынға бір вагон сатуға ғана лимит қойып қойған. Бір вагон деген 25-24 мың дана қағаз болады. Ол тіпті 1% қамтамасыз етпейді. Біздің қуатымызбен айына 10 вагонға дейін өндіріп, шығаруға болады. Бұл - 200-250 мың бума", - деді кәсіпорын басшысының орынбасары Қанат Әлімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962887-symkenttegi-qagaz-sygaratyn-kasiporyn-zumysyn-toqtatty/

pixel