Үш облыста төрт жол учаскесі жабылды: "ҚазАвтоЖол" мәлімдеме жасады
Опубликовано:

Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында автожол учаскелері жабылды. Бұл туралы Қазақстан автомобиль жолдарының ұлттық операторы "ҚазАвтоЖол" өзінің ресми Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Хабарламада Қазақстанның үш өңірінде "Жезқазған-Петропавл" автожолының төрт учаскесі жабылғаны айтылады.
Ақмола облысында автожолдың 377-ден 440 километріне дейінгі барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл учаске Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін өтеді.
Қарағанды облысында жол 142-ден 252 километрге дейін жабық. Яғни Сарлық кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Сондай-ақ Қостанай облысындағы "Жезқазған-Петропавл"автожолының екі учаскесі жабық екені айтылады. Нақтыласақ:
- Қарағанды облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі 252-ден 340 километрге дейінгі учаске;
- 340-377 километр аралығы немесе Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962929-us-oblysta-tort-zol-ucaskesi-zabyldy-qazavtozol-malimdeme-zasady/