Елімізде бір тәулікте небәрі 16 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай төмендеді. Мәселен, 31 наурызда елімізде 16 адамнан ғана COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды coronavirus2020 Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 2
- Алматы қаласы - 7
- Алматы облысы - 1
- Шығыс Қазақстан облысы - 3
- Қарағанды облысы - 1
- Қостанай облысы - 1
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 151-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 117 адам аурудан жазылып шыққан.
1 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазір елімізде 2 701 адам коронавирустан емделуде. Олардың ішінде 328 науқас стационарда, 2 373 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
24 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963060-elimizde-bir-taulikte-nebari-16-adamnan-gana-koronavirus-anyqtaldy/