Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көптеген пышақ жарақатын салған": Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Қамау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда такси жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбековтің сөзінше, үш ер адам бизнес санаттағы таксиге тапысырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған.

"Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген.

Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірді. Күдіктілер дереу анықталды", - деді Берік Әбілбеков.

Оның сөзінше, күдіктілер жасырынуға тырысқан, алайда қазіргі таңда олар ұсталып, қамауға алынған. Сондай-ақ көлік иесіне қайтарылған.

Берік Әбілбеков қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде екенін атап өтті. Күдіктілер – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.

"Маған шабуыл жасаған адамдардың ұсталғаны туралы хабарлағанда, шынымды айтсам, мен қатты қуандым. Полиция қызметкерлеріне кәсіби қызметі үшін алғыс айтамын", - дейді зардап шеккен алматылық ер адам.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы телеарнасы белгісіз үш адам таски жүргізушісіне шабуыл жасап, 18 жерден пышақ жарақатын салғанын, ал күдіктілердің әлі іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963115-koptegen-pysaq-zaraqatyn-salgan-almatyda-taksi-zurgizusisine-sabuyl-zasady-degen-kudiktiler-ustaldy/

pixel