Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Той жасауға өтінім берушілер жоқтың қасы": "Қазақстан халқына" қорының өкілі өзекті сұрақтардың басын ашты

Опубликовано:

өтінім беру
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әйкерім Есенәлі қордың жұмысына қатысты қоғамды алаңдатқан сауалдарға жауап берді. Ол мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметованың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі, белгілі журналист Әйкерім Есенәлі Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметованың Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде қорға қазіргі таңда қандай өтінімдер келіп түсіп жатқанын да атап өтті.

Оның сөзінше, азаматтар қор құрылғаны туралы хабарланған соң екі апта ішінде өтінім жаза бастаған. Ол түрлі мазмұндағы өтінімдер келіп түскенін атап өтті.

"Atamekenim.kz" порталы жалпы қайырымдылық бойынша өтінімдерге арналған портал. Бірақ бұл ресурс біздің қордың бағытына, критерийлеріне сәйкестендірілмеген. Сондықтан қаңтар айында-ақ тұрғындар өтінім жібере бастады. Ол өтінімдердің ішінде той жасауға да көмек сұраушылар болды. Бірақ кейін ол тоқтады. Қазір той жасауға өтінім беріп жатқан адам жоқтың қасы", - дейді Әйкерім Есенәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963117-toi-zasauga-otinim-berusiler-zoqtyn-qasy-qazaqstan-xalqyna-qorynyn-okili-ozekti-suraqtardyn-basyn-asty/

pixel