Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозымбаев Алматы облысы қалай бөлінетінін айтты

Опубликовано:

Алматы облысының әкімі
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматы облысының басшысы Қанат Бозымбаев облыстық мәслихат отырысында қазіргі уақытта Алматы облысын екіге — Жетісу және Алматы облыстарына бөлу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңір басшысы атап өткендей, Алматы және Талдықорған облыстары 1997 жылы орталығы Алматы қаласы болып біріккен, 2001 жылдың сәуір айынан бастап облыс орталығы Талдықорғанға ауыстырылды.

Облыс аумағы 223,6 мың шаршы шақырымға тең. 2022 жылдың басындағы дерек бойынша, өңірде халық саны — 2 млн 108 мың адам.

Өңір құрамына 17 аудан және 3 облыстық маңызы бар қала, 742 елдімекен кіреді.

"Алматы облысын бөлу мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу үшін, яғни 1 миллионнан астам адам тұратын Алматы агломерациясын дамыту мақсатында жүргізілуде", - деді Қанат Бозымбаев.

Әкімнің сөзінше, оның ішінде 170 мың адам Алматы маңындағы саяжайларда тұрады. Ал туындаған мәселелерді қашықтағы Талдықорғанда отырып шешу оңай емес.

"Алматы облысының орталығы Талдықорған және Жетісу облысының орталығы Қапшағай (ред. - Қонаев) болып бөлінуі екі өңірдің дамуына серпін береді.

Құрылайын деп жатқан Жетісу облысында 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ болса,

Алматы облысының құрамында 9 аудан, 1 қала мен 380 ауылдық округ болады", - деді Бозымбаев.

Қазіргі уақытта Қапшағай қаласының жаңа бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар аймақты бөлу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылған.

"Алматы облысы аумағынан Жетісу облысының жерлерін шығару арқылы шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы дайындалды", - деді Қанат Бозымбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963123-bozymbaev-almaty-oblysy-qalai-bolinetinin-aitty/

pixel