Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

БҚО-да аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Орал қаласының тұрғыны аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға Деркөл ауылында орын алған. Оқиға орнынан 33 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.

Қабылданған шаралар бойынша күдікті ретінде 36 жастағы ер адам ұсталды.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша бірлесіп ішімдік ішу кезінде күдікті мен марқұмның арасында жанжал туындағаны анықталды. Ұрыс барысында ер адам әйелді өлтірген. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963161-bqo-da-asa-auyr-qylmys-zasady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel