Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түлектер жоғары оқу орнын қалай таңдауы керек: Аймағамбетов кеңес берді

Опубликовано:

ЖОО
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында мектеп түлектеріне жоғары оқу орнын таңдауға қатысты өз кеңесін берді. Министр бұл туралы жас түлектерге арнаған хатында жазған.

"Қадірлі достар! "Қандай университетті таңдап, қайда оқыған дұрыс?" деп те ойлап жүрген боларсыздар? Осы ретте бірнеше кеңесіммен бөлісуді жөн санап отырмын:

  • Бірінші. ЖОО-ның жұмыс берушілер рейтингіндегі орнымен, кадр құрамымен, оқу жағдайларымен танысыңыз.
  • Екінші. Қандай бағдарлама бойынша оқу жүргізілетінін қараңыз. Сондай-ақ мамандықтардың атауы бірдей естіліп, бірақ мазмұны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Сол себепті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, университеттердің барлық бағдарламасының тізілімін жасадық. Енді ол бәріне қолжетімді.
  • Үшінші. Университеттің беделін бағалаңыз. Қазір ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдарды береді. Дегенмен университет беретін дипломның қағазынан бұрын, оның қандай маманды дайындап шығаратыны маңызға ие.
  • Төртінші. Университеттің аккредитациясына назар аударыңыз. Егер ол ең мықты аккредиттеу ұйымдарынан өтсе, онда сапаның болатынына сенуге болады.
  • Бесінші. Университетті таңдау кезінде сізді күмәнді арзан оқу немесе сабаққа қатыспау мүмкіндігі сияқты ойлар қызықтырмауы маңызды. Себебі жұмыс берушілер дипломды жарамсыз деп танып, қаражатыңыз бен уақытыңыз босқа шығын болуы мүмкін.
  • Алтыншы. Қазақстандық ЖОО-ны таңдауға кеңес беремін. Біздің университеттердің сапасы көрші елдердің көптеген университетінен асып түсетінін сеніммен айта аламын", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі елімізде түлектер ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге екі рет мүмкіндік алатынын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963182-tulekter-zogary-oqu-ornyn-qalai-tandauy-kerek-aimagambetov-kenes-berdi/

pixel