Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде түлектерге қосымша қанша грант бөлінетіні белгілі болды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде түлектерге жазған хатында биыл қосымша қанша білім гранты бөлінетінін хабарлады.

Министр өз хатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты бірнеше жаңалықты атап өткен.

Мәселен, тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі. ҰБТ электрондық форматқа көшіріліп, жылына бір рет емес, төрт рет өткізіледі.

Осы ретте, Аймағамбетов биыл түлектер ҰБТ тапсырып, екі рет грантқа түсуге мүмкіндік алатынын хабарлады.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалды. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз берілмек.

Одан бөлек, министр биыл елімізде бөлінетін қосымша грант саны да артқанын мәлімдеді.

"Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, стипендия мөлшері 15 пайызға өсті", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр елімізде қандай мамандықтардың әлеуеті жоғары екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов түлектерге жоғары оқу орнын таңдауға қатысты да кеңес берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963186-biyl-elimizde-tulekterge-qosymsa-qansa-grant-bolinetini-belgili-boldy/

pixel