Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық екі ерікті мұқтаж жанға үй алып беру үшін Алматыға жаяу жолға шықты

Опубликовано:

Маңғыстаулық еріктілер
Видеодан кадр: КТК арнасы

Маңғыстаулық екі ерікті Алматыға жаяу жолға шықты. Мақсаты – төрт бала асырап отырған жалғызбасты анаға үй алып беру, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұзақ сапарға шыққан еріктілер тек киім мен жолға қажет заттарды алған. Бір ай бойы ораза ұстайтын болғандықтан артық тамақ та алмаған. Ал жолда кезіккен қиындық пен қызықтарын олар әлеуметтік желіде жариялап отырмақ.

Еріктілер бұл сапардың басты мақсаты – жалғызбасты анаға үй сатып алып беру екенін айтады. Ол үшін сол отбасындағы үлкен ұлдың добын ғана алған. Оны Алматыға жеткенше жол-жөнекей сапалы бұйымдарға ауыстырып, соңында үй алуға жететін қаражат жинамақ.

"Екі баласы эпилепсиямен ауырады. Сол отбасыға баспана алып беру мақсатымен жолға шықтық", - дейді ерікті Жалғас Сәдуов.

Маңғыстаулық еріктілер
Маңғыстаулық еріктілер. Видеодан кадр: КТК арнасы

Әзірге жігіттер Атырау, Орал, Ақтөбе, Арал, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларына аялдамақшы.

Еріктілер осы уақытқа дейін әлеуметтік желе арқылы бір жарым миллион теңге жинап қойған. Алайда бұл қаражат жеткіліксіз болғандықтан қайырымдылық сапарын ұйымдастыруды қолға алған.

Еріктілер Рамазан айы аяқталғанша Ақтауға қайта оралуды көздеп отыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963198-mangystaulyq-eki-erikti-muqtaz-zanga-ui-alyp-beru-usin-almatyga-zayau-zolga-syqty/

pixel