Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда балаларды ит талап, біреуі қайтыс болды

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында ит екі кішкентай баланы қауып алды. Бүлдіршіндердің бірі қайтыс болды. Қазір аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство ақпарынша, 1 сәуір күні сағат 19.00 шамасында аудандық полиция бөлімшесіне Ақтоғай ауылында ит екі баланы қауып алғаны туралы ақпарат түскен.

Құқыққорғаушылар 3 және 5 жасар екі бүлдіршін жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүргенін анықтады. Осы уақытта оларға байланбаған ит шабуыл жасаған.

Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Алған дене жарақаттары салдарынан 3 жасар бүлдіршін қайтыс болды. Ал екінші бала ауруханада.

"Аталған факті Ақтоғай аудандық ПБ-да тіркелді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963233-qaragandyda-it-balalarga-sabuyl-zasady-olardyn-biri-qaitys-boldy/

pixel