Петропавлда "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды
Опубликовано:

Петропавлда "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"1 сәуірде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, СҚО ПД қызметкерлері "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директорын ұстап, Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамады", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Ведомство қылмыстық істі тергеу ІІМ, прокуратура және полиция департаменті басшылығының бақылауында екенін атап өтті.
Айта кетейік, 20 наурыз күні Петропавлдағы Жылу-электр орталығының бір мұржасы құлаған еді. Төтенше жағдайдан кейін екі күн өткен соң құтқарушылар із-түзсіз жоғалды деп танылған қызметкердің мәйітін тапты.
Көп ұзамай ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды. Бірнеше күннен кейін тағы бір апат болғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963243-petropavlda-sevkazenergo-aq-bas-direktory-ustaldy/