Коронавирус: "Сары" аймақта тұрған өңірлер бар ма
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
3 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" және "сары" аймақта бірде-бір өңір жоқ.
- "Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше, 2 сәуірде Қазақстанда 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963259-koronavirus-sary-aimaqta-turgan-onirler-bar-ma/