Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған: Шетелдік барлау агенті ұсталды (видео, фото)

Опубликовано:

Қастандық жасауды жоспарлаған
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2022 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарсыбарлау қызметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентін ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, президент пен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды. Қолға түскен ер адам - Қазақстан азаматы.

"Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген", - делінген хабарламада.

суық қару
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Сонымен қатар, комитет қолға түскен шетел барлау агенті әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындағанын хабарлады.

Алдын ала тергеу барысында ол жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындаған.

Арнайы операция
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және  255-бабы 4-бөлігінде ("Терроризм актісі") көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963265-toqaevqa-qastandyq-zasaudy-zosparlagan-seteldik-barlau-agenti-ustaldy-video-foto/

pixel