Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы су тасқыны: Бір ауылда 108 бас мал қырылған (фото)

Опубликовано:

Су тасқыны
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Батыс Қазақстан облысында 13.00-дегі жағдай бойынша 172 үйдің су астында қалғаны айтылған. Комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны нақтыланып отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылған.

Айта кетейік, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды.

841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылған.

Ал тасжолдарда барлығы 24 су тасқыны тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бар – 4, облыстық - 2, жергілікті – 18.

БҚО
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелері қалпына келтірілгенін хабарлады. Облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскеде су тасқыны сақталып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963291-bqo-dagy-su-tasqyny-bir-auylda-108-bas-mal-qyrylgan/

pixel