Қарағандыда 9 жасар бала арыққа батып, көз жұмды
Опубликовано:

Бүгін, 3 сәуірде Қарағандыда қайғылы оқиға орын алды: тоғыз жасар балан арыққа батып, көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 15:45-те жергілікті тұрғыннан "112" пультіне қар, жауын суы жиналатын арыққа баланың батып кеткені туралы хабар түскен.
Қайғылы жағдай Серов көшесіндегі үйдің жанында болды.
Оқиға орнына келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін арықтан алып шықты.
"Төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Осы орайда Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын көзден таса қылмауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963297-qaragandy-9-zasar-bala-aryqqa-batyp-koz-zumdy/