Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде фотосессия жасамақ болған екі қыздың бірі мұзға түсіп кетіп, көз жұмды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан
Оқиға орнынан фото: ШҚО ТЖД

Бүгін сағат 16:33-те Семейде екі қыздың қатысуымен қайғылы оқиға тіркелді. Ертіс өзенінде суретке түскісі келген олар мұз астына құлап кеткен. Біреуін құтқарып үлгергенімен, екіншішісі қаза тапты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Восточный кентінің аумағында болған.

Фотосессия кезінде 1999 және 1998 жылы туған екі ару мұз астына түсіп кетті.

Оқиға орнына жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып алған. Алайда ол екінші қызға көмектесіп үлгермеді. Құтқарушылар судан көз жұмған қыздың денесін алып шықты.

Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті тұрғындарды мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда 9 жасар бала арыққа батып, көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963298-semeide-fotosessiya-zasamaq-bolgan-eki-qyzdyn-biri-muzga-tusip-ketip-koz-zumdy/

pixel