Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте еліміздің 12 өңірінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

3 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 11 адам тіркелді, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 7
  • Алматы облысы - 1
  • Қостанай облысы - 1
  • Қызылорда облысы - 1.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 199-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 70 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың "омикрон" штамының жаңа "ХЕ" мутациясы анықталғанын жазған едік.

Мамандардың пікірінше, оның алдыңғы нұсқаларға қарағанда қаншалықты жұқпалы екендігі туралы қорытынды жасау әзірге ертерек. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі жаңа нұсқаны зерттеп жатыр.

Дегенмен соңғы зерттеулерден "XE" штамының таралуы "стелс-омикронға" қарағанда 9,8 пайызға жоғары екені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963314-otken-taulikte-elimizdin-12-onirinde-covid-19-zuqtyrgan-birde-bir-nauqas-tirkelmedi/

pixel