Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вагондар Ертіс өзеніне құлаған": ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті (видео)

Опубликовано:

Жүк пойызы рельстен шығып кетті
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/oo_osa_semey_vko

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында рельстен шығып кеткен жүк пойызының видеосы пайда болды. Төтенше жағдайдың мән-жайын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өскемен - Күмістау. 11 вагон жерде, 6 вагон Ертісте жатыр", - делінген желіде жарияланған видеоның жазбасында.

Бұл видеоға қатысты пікір білдірген "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның мәліметінше, 3 сәуір күні сағат 12:04-те Өскемен- Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен.

Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген.

"Руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-не тиесілі", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Сонымен қатар ҚТЖ бұл жайттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі болмағанын айта кетті.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек болған жағдайдың себеп-салдарын анықтау үшін комиссия құрылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963332-vagondar-ertis-ozenine-qulagan-sqo-da-zuk-poiyzy-relsten-sygyp-ketti-video/

pixel