Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 28 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін. Одан бөлек түнде көктайғақ болады деп күтілуде.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Мамандар күндіз бұл аймақтарда сынап бағанасы +20...+28 градусқа дейін жоғарылайды деп болжап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Одан бөлек мамандар сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың мәліметінше, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963360-aldagy-kunderi-elimizde-28-gradusqa-deiin-ystyq-boluy-mumkin/

pixel