Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында пара алды деген күдікпен лауазымды тұлға ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Ведомствоның дерегінше, шенеунік медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен делдалдар арқылы жүйелі түрде 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Күдіктілер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабының тәртібіне сай ұсталған.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - деп атап өтті Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Дегенмен ведомство бұл іс бойынша тағы кімдердің ұсталғанынан хабарлаған жоқ.

Еске сала кетсек, 1 сәуірде 13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС (Оператор РОП) бұрынғы басқарушы директоры ұсталғанын жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпарынша, қылмыс 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963365-turkistan-oblysynda-para-aldy-degen-kudikpen-lauazymdy-tulga-ustaldy/

pixel