Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Сатыбалдыұлының ісіне қатысты тың дерек пайда болды

Опубликовано:

Қайрат Сатыбалды
Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, Гүлмира Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы ведомствоның Телеграм-каналында жарияланды.

"Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан.

Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компания басшысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.

Қорытынды шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейтіні айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған болатын.

Агенттік оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963389-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmet-qairat-satybaldyulynyn-isi-boiynsa-zana-malimetter-zariyalady/

pixel