Елімізде жаңа мереке енгізілуі мүмкін: Министр депутаттардың ұсынысын қолдады
Опубликовано:

Депутат Екатерина Смышляева мәжілістегі үкімет сағатында Қазақстанда ветеринар мамандардың кәсіби мерекесін бекіту туралы ұсынысты көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Екатерина Смышляева бүгінде Қазақстанда ветеринар қызметкерлерінің кәсіби күні жоқ екенін алға тартты.
"Бұйрыққа жазылатын он бес әріпті аяп отырмыз ба? Оған ешқандай шығын шығарудың да қажеті жоқ. Демалыс та берілмейді. Бұл жай ғана елдің азық-түлігі мен мал қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғандарға деген құрмет", - деді ол.
Оның бастамасын әріптестерді қолдады.
Мұндай қажеттіліктің бар екенін Ауыл шаруашылығы министрі де жеткізді.
"Қолдаймын, біз ветеринарлар күнін енгізуді қолға алып жатырмыз, сонымен қатар, қызметкерлерімізді көтермелеу үшін бір-екі жаңа ведомстволық наградалар мен "Еңбек сіңірген ветеринар" атағын енгізгіміз келеді", - деді Ербол Қарашөкеев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963402-elimizde-zana-mereke-engizilui-mumkin-ministr-deputattardyn-usynysyn-qoldady/