Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының ПД ғимаратына шабуыл жасап, қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздік
Фото: NUR.KZ

Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасап, қару ұрлаған төрт күдікті ұсталды. Олардың барлығы кінәcін мойындаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары 23 наурызда Тараз қаласында 5 және 6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандарды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Байзақ ауданы Дихан ауылының төрт тұрғыны қолға түсті.

Олар Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасап, төрт қару ұрлағанын мойындаған. Күдіктілердің сөзінше, олар қолды болған заттарды ауылда қараусыз қалған үйлердің бірінің ішіне жасырыпты.

Сонымен қатар, 24 наурызда Байзақ аудандық полиция бөліміне 12 жастағы баланың 13 қаңтар күні жазық даладан тапанша тауып алғаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары оны тәркіледі.

Ал 29 наурызда ұрланған қарудың қалған бөлігін іздеу үшін кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге тергеу шараларына тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963438-zambyl-oblysynyn-pd-gimaratyna-sabuyl-zasap-qaru-urlagan-kudiktiler-ustaldy/

pixel