Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жол апатынан 36 жастағы полицей көз жұмды

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Фото: Жамбыл облысының ПД

Тараз қаласында полиция инспекторы Қадыр Бадыров өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Қадыр Сурхадинұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

"Полиция майоры Қадыр Бадыров өзін жоғары кәсіби қызметкер және тамаша адам ретінде көрсетті. Ол туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы Байзақ ауданында жол апатынан қаза тапқан.

Айта кетейік, қазақстандық фотограф, пранкер және Instagram желісінде 763 мың оқырманы бар танымал блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963449-zambyl-oblysynda-zol-apatynan-36-zastagy-policei-koz-zumdy/

pixel