Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел ішіндегі қозғалысына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағында қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, әскери техникалар полигондарға бағыт алған. Онда оқу-жаттығу жиыны өтпек, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.
Министрлік президенттің әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтетінін жеткізді.

Осы орайда ведомство әскери бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға темір жол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетуді көздеп отырғанын атап өтті.

Ал полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады.

Одан бөлек оқу-жаттығу жиыны кезінде бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады.

Сонымен қатар қарулы күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілетінін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963487-qorganys-ministrligi-el-aumagynda-askeri-texnikalardyn-tizilip-zuruine-qatysty-pikir-bildirdi/