Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында тыржалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты

Опубликовано:

Ер адам
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.brothers

Алматы әуежайының аумағында үстіне еш киім кимеген ер адам видеоға түсіп қалды. Ролик әлеуметтік желіде тарап, көптің талқысына түсіп жатыр. Көліктегі полиция департаменті кадрларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.brothers тобында жарияланды.

Кадрдан жалаңаштанған ер адамның ұшаққа қарай бара жатқанын аңғару қиын емес.

Бұған қатысты көліктегі полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, кеше түнде көлік полицейлері Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 25 жастағы жігітті ұстаған.

"Тексеру барысында аталған азамат 6 сәуір күні сағат 00: 10-да киімдерінің барлығы шешіп, әуежайдың жергілікті ұшып келу терминалының жанындағы қоршаудан секіріп өткені анықталды. Кейін ол ұшу-қону жолағына қарай жүгірген. Ер адамды авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қолға түсірді", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Ұсталған кезде ер адамның өзін дұрыс ұстамағаны хабарланды.

Медициналық тексерістен соң жас жігіттің жеңіл мас күйінде болғаны анықталған.

Полицейлер ер адамның үстінен "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу", "Ұсақ бұзақылық" және "Әуежайлардың, әуе айлақтардың аумағын рұқсатсыз өту" баптары бойынша бірнеше әкімшілік хаттама толтырды.

Ведомсвто мәліметінше, жиналған материалдар соттың қарауына жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963689-almaty-auezaiynda-tyrzalanas-zurgen-er-adam-zurtty-sosytty/

pixel