Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тежегіші істен шыққан": Алматы облысында автобус 9 көлікпен соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almaty.official/

Алматы маңында ірі жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген виедо әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрларда алдыңғы бөлігі қатты зақымданған автобус пен бүлінген бірнеше көлікті байқауға болады.

Олардың арасында жол талғамайтын көлік пен жеңіл автокөліктер де бар.

"Автобустың тежегіші істен шықты. Мен ғажайыптың күшімен бұрылып үлгердім. Мен бірінші едім, содан кейін Mercedes, Camry болды. Менің артымда әйелім мен балам отырды", - дейді пікір қалдырған желі қолданушыларының бірі.

Жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше, жол апаты 6 сәуірде шамамен сағат 11:30-да Қарасай ауданында болған.

"Алматы-Жандосов тасжолында 35 жастағы жүргізуші тізгіндеген автобустың тежегіші істен шығып, ол бір бағытта кетіп бара жатқан тоғыз көлікпен (Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор мен екі Mercedes-Benz) соқтығысқан.

Жарақат алған автобус жүргізушісімен бірге бірнеше жолаушы Қаскелең ауруханасына медициналық тексеруден өту үшін жеткізілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963789-tezegisi-isten-syqqan-almaty-oblysynda-avtobus-9-kolikpen-soqtygysty-video/

pixel