Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында WhatsApp-та былапыт сөздер айтқан ер адам қамауға алынды

Опубликовано:

Телефон ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында WhatsApp мессенджеріндегі чатта әдепсіз сөздері бар дыбыстық хабарламалар жіберген ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуынша, Успен аудандық сотында ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, азамат 2022 жылғы 2 сәуірде Успен ауылындағы 245 қатысушысы бар WhatsApp мессенджеріндегі топтардың біріндегі хабарландыруларды оқып, әдепсіз сөздері бар дыбыстық бірнеше хабарлама жіберген. 

"Ол осы топқа қатысушыларға қатысты адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер айтқан. Осылайша ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963821-pavlodar-oblysynda-whatsapp-ta-bylapyt-sozder-aitqan-er-adam-qamauga-alyndy/

pixel