Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде көлігі көпірден құлап кеткен бойжеткен ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Жол апатынан кадр
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Ақтөбеде бойжеткен тізгіндеген Toyota Camry көлігі көпірден құлап кетті. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, көпір қатты биік болмаған, жүргізуші де аса ауыр жарақат алмаған.

Одан бөлек медициналық талдау бойжеткеннің алкогольді сусын қолданбағанын көрсеткен.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің дерегінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді ПД баспасөз қызметінен.

Ал арудың айтуынша, көлік тізгіндеп келе жатқанда кенеттен өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірсіз жүрген көлік жүргізушісінен қару тәркілегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963872-aqtobede-koligi-kopirden-qulap-ketken-aiel-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy/