Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда терезе жуумен айналысқан ер адам биіктен құлап мерт болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болды. Ер адам биіктен құлап кетіп, қаза тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған фактіні Бостандық ауданы полиция басқармасы тіркеген.

"Биіктен құлау салдарынан 1995 жылы туған азамат көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Zakon.kz порталының куәгерлер сөзіне сүйеніп хабарлауынша, марқұм өндірістік альпинист болған. Ол терезе жуу кезінде биіктен құлап кеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін өткен жылы қараша айында Павлодарда құрылыс алаңында бетоншы үш метрлік биіктен құлап кеткенін жазған едік. Құрылысшы ауруханаға жеткізілген болатын.

Сонымен қатар 2021 жылғы 9 қараша күні Көкшетауда құрылыс жұмысары кезінде 55 жастағы жұмысшы 9-қабаттан құлап мерт болған.

Дәл сол күні Алматыда құрылыс алаңында 25 жастағы жігіттің қайтыс болғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964020-almatyda-tereze-zuumen-ainalysqan-er-adam-biikten-qulap-mert-boldy/

pixel