Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұзақ аңдыған": Алматыда әріптестері дәрігер өліміне қатысты тың ақпарат берді

Опубликовано:

Юрий Шумков
Юрий Шумков. Фото: Giniyat Azhar/facebook

Бірнеше күн бұрын Алматыда дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтіріп кетті. Шумков жұмыс істеген клиника директоры аталған жайттың мән-жайын баяндады. Оның сөзінше, күдікті екі айға жуық уақыт Шумковты аңдып жүрген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Клиника директоры Ләйлә Тәшенованың сөзінше, күдікті дәрігерге шабуыл жасауға дайындалған. Ол көлік тұрағына түнде келіп, дәрігерді күтіп отырған. Ал 4 сәуір күні таңертең оған қарудан оқ атқан.

"Пациент оны ұзақ аңдыған. Тергеушінің айтуынша, ол түнгі сағат 2-ден бастап сонда тұрған. Аңдып, көлігінің қай жерде тұрғанын да білген. Шамамен сағат 9-дарда осы оқиға болып отыр",- дейді Тәшенова.

Марқұмның әріптестері ұсталған азамат Юрий Шумковтың пациенті болғанын айтады. Ол дәрігер қабуылдауына үш рет келген, алғаш рет 1 ақпанда болған. Күдікті ас қабылдай алмай жүргенін айтқан, дегенмен тексеріс жасауға мүмкіндік болмаған. Алғашқыда ер адам зондты суырып алса, келесі күні пациентте өңеш спазмы туындаған. Нәтижесінде ол лорға жіберілген.

Ал Шумков эндоскопиялық зерттеуді тек үшінші реттен жасай алған. Артынша азаматқа емге қажетті дәрі-дәрмекті жазып берген.

Ақ халаттыларлың сөзінше, Шумков пациенттермен үнемі тіл табысқан, ешқашан жанжалдаспаған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964082-uzaq-andygan-almatyda-ariptesteri-dariger-olimine-qatysty-tyn-aqparat-berdi/

pixel