Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңөзенде жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Жаңаөзендегі жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: Lada.kz

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бүгін, 8 сәуірде тепловоз бен Mercedes-Benz көлігі соқтығысып қалған. Жол апатына қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі тепловоз жақындаған кезде тоқтау сызығына қарамай қозғалысын жалғастырған.

Салдарынан тепловозбен соқтығысқан. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Жеңіл көліктің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") хаттама толтырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында автобустың 9 көлікпен соқтығысқанын жазған болатынбыз.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы-Жандосов тасжолында 35 жастағы жүргізуші тізгіндеген автобустың тежегіші істен шығып, ол бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota Camry, Nissan Patrol, Toyota Gracia, Kia Rio, Subaru Legacy, Toyota Carina, трактор және екі Mercedes-Benz-пен соқтығысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964222-zanozende-zenil-kolik-pen-teplovoz-soqtygysty-video/

pixel