Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласының оң көзінің орнына сол көзіне ота жасалғанын айтқан блогер дәрігердің үстінен арыз түсірді

Опубликовано:

Ота жасап жатыр
Көрнекі фото: piхels.com

Ауруханада баласының оң көзі мен сол көзін шатастырып, қате ота жасалғанын айтып, жанайқайын жеткізген блогер Айдын Тоқсанбаева полицияға шағымданды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматылық жас ана желіде Балалар шұғыл медицина орталығынының дәрігерлеріне 4 жасар ұлының оң көзін сол көзімен шатастырып, ота жасап тастады деп кінә артқан.

Айдын Тоқсанбаева артынша ота жасаған дәрігердің үстінен полицияға шағымданғанын жеткізді.

Бұл ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаменті растап, ресми түсініктеме берді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

"Өндірістік материал Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тексеруге жіберілді. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалатын болады", - делінген ресми түсініктемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы неліктен дәрігерлер операцияны баланың сол жақ қабағына жасағанын түсіндірген еді.

Одан бөлек Айдын Тоқсанбаева Instagram-да тікелей эфир өткізіп, баласымен бірге үйге шыққанын айтты. Оның сөзінше, қазір ұлының денсаулық жағдайы жақсы. Ол басынан өткен жағдайды ешкімнің басына тілемейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964227-balasyna-on-kozi-men-sol-kozin-satastyryp-qate-ota-zasalganyn-aitqan-bloger-darigerdin-ustinen-aryz-tusirdi/

pixel