Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда коммуналдық қызмет жұмысшылары жолды жауып, жалақыларын көтеруді талап етті (видео)

Опубликовано:

Ақтауда жұмысшылар жолды жапты
Видеодан кадр: Lada.kz

Ақтауда "West Recycling Company" ЖШС-нің бірнеше қызметкері Ынтымақ алаңы маңындағы жолды жапты. Бұған қатысты Маңғыстау облысының әкімдігі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"West Recycling Company" ұйымы Ақтауда қоқыс шығарумен және тазалық жұмыстарымен айналысады. Бүгін оның қызметкерлері орталық көшені жапқан.

Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпаратынша, адамдар жалақыны көтеруді сұраған.

"Оларға өңір әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров барды. Олардың іс-әрекеті заңсыз екені және қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Содан кейін бәрі жағдайды талқылау үшін әкімдікке кірді. Қазіргі уақытта жол ашық", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін 8 ақпанда Ақтауда көпбалалы аналар Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы тас жолды жауып тастаған еді. Наразы топ өздеріне тегін тұрғын үй беруді талап еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964241-aqtauda-kommunaldyq-qyzmet-zumyssylary-zoldy-zauyp-zalaqylaryn-koterudi-talap-etti-video/

pixel