Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы іске қосылды

Опубликовано:

Ит
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы әкімдігі мегаполистегі қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында иттер мен мысықтарды тегін чиптеу бағдарламасын қайта қолға алды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Чиптеу процедурасын "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ дәрігерлері жүргізеді.

Жануар иелеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында ветеринарлық қызмет аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жеке секторды үйме-үй аралап, көшпелі чиптеу бригадаларының жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

"Алматы қаласының кез келген тұрғыны ветеринарлық қызметтің Call-орталығына +7 708 595 64 01 телефоны арқылы өтініш беріп, үй жануарларын чиптей алады. Жануарлардың жас шектеуі: екі айға толуы керек", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімшілігі қаңғыбас жануарлардың көбеюіне қарсы күресте чиптеу процедурасының ең тиімді шара екенін атап өтті. Қаңғыбас жануарлардың санына әсер ететін факторлардың арасында үй жануарларын көшеге тастап кету мен оларды бақылаусыз өсіру жағдайлары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964272-almatyda-ui-zanuarlaryn-tegin-cipteu-bagdarlamasy-iske-qosyldy/

pixel