Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы өңірім": Сапарбаев Тараз әуежайында тұрғындардан кешірім сұрап, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев халықпен қоштасуда
Видеодан кадр: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің экс-әкімі Бердібек Сапарбаевты Тараз әуежайынан шығарып салды. Жиналған халық облыстың бұрынғы басшысымен қимай қоштасты. Қоштасу сәті өңірлік әкімдіктің ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен қоштасып, оларға өзіне қолдау білдіргені үшін алғысын айтты. Сондай-ақ өңірдің бұрынғы басшысы халықтан кешірім сұрап, көзіне жас алып қалды.

"Мен үшін ең қуаныштысы, ең бақыттысы соңғы өңірімді қасиетті Әулиеата жерінде атқарғаным. Жақсы жұмыс істедік, мені қолдадыңыздар. Сіздерге рахмет. Мен бүгін де, кеше де айттым. Мен ең біріншіден, осы Әулиеата жерінің халқына ризамын", - деді ол.

Жиналған көпшілік бұрынғы әкімнің қолын алып, оны құшақтап жатты. Олар Сапарбаевпен қоштасу сәтінде ән айтып, оған деген алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы әкімі қызметінен босатылған еді. Ол өңірді 2020 жылдан бері басқарды.

Жамбыл облысының жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964311-songy-onirim-saparbaeva-taraz-auezaiynda-turgyndardan-kesirim-surap-kozine-zas-aldy-video/

pixel