Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысында шетелдік ауыр жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті
Видеодан кадр: Түркістан облысының ПД

Ресейден Тәжікстанға шыққан "Volvo" маркалы ауыр жүк көлігі Түркістан облысында жүгімен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында, яғни Жиенқұм ауылының маңында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған тергеу тобы алғашқы көмек көрсетіп, мән-жайды анықтады.

"Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Әзірге, тәжікстандық азаматтың басқаруындағы "Вольво" маркалы ауыр жүк көлігінің тіркеме баллоны тұтанғаны белгілі болды. Өрт дер кезінде өшірілмегендіктен тұрмыстық техникасымен бірге толықтай жанып кеткен",- делінген хабарламада.

Материалдық залал келгенімен, адам шығыны жоқ. Жүргізуші өзімен бірге көліктің құжаттарын алып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964319-turkistan-oblysynda-seteldik-auyr-zuk-koligi-zugimen-birge-zanyp-ketti-video/

pixel