Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда Қаратал өзенін көлігімен кесіп өтпек болған ер адам құтқарылды (видео)

Опубликовано:

Өзенді кесіп өтпек болған ер адам автоның үстіне шығып алды
Видеодан кадр: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Талдықорғанда Қаратал өзенін өз автокөлігімен кесіп өтпек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

9 сәуір түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖД-не Талдықорған қаласында Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келіп, өту барысында өзеннің ортасында тұрып қалған ер адам туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырту орнына келген бойда көліктің Қаратал өзенінің ортасында 1.5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғанын анықтады. 1989 жылы туған азамат көліктің төбесіне шығып алып, құтқарушыларды күткен.

Құтқарушылар құтқару арқанының және құтқару кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек ерге қажет емес еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964322-taldyqorganda-qaratal-ozenin-koligimen-kesip-otpek-bolgan-er-adam-qutqaryldy-video/

pixel